Жәнібек ауданы, Қамысты ауылында ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған жаңа нысан іске қосылды. Ауыл жастары Еламан Газизов пен Аман Шойтасов тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында өз қаражаттары есебінен заманауи «Таза су» құрылғысын орнатып, халық игілігіне ұсынды. Жобаның жалпы құны 1 миллион 500 мың теңгені құрайды.

Жаңа кәсіп түрі ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Енді ауыл халқы тазартылған суды қолжетімді бағада пайдалана алады. Құрылғы арқылы 1 литр су 20 теңгеден ұсынылады.

Бұл бастама – ауылда кәсіп ашып қана қоймай, халыққа қажетті қызмет көрсетудің жарқын үлгісі.

Қамысты ауылында қолға алынған бұл жоба ауыл кәсіпкерлігінің дамуына серпін беріп, алдағы уақытта осындай игі бастамалардың көбеюіне ықпал еттініне сенім мол.
Бану Берікқали,
Жәнібек ауданы