22.05.2026, 21:00
Оқылды: 5

Шыңғырлау құрамасы «Senat Open» турнирінде ІІ орын иеленді

Орал қаласында өткен дәстүрлі «Senat Open» турнирі биыл да тартысты әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған жарысқа облыстың барлық аудандарынан және әртүрлі сала қызметкерлерінен құралған командалар қатысты. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, медицина, білім беру, мәдениет саласы және күштік құрылым қызметкерлері өзара бақ сынады.

image-22-05-26-03-39

Турнир бірнеше кезең бойынша ұйымдастырылып, алғашқы іріктеу ойындарынан үздік шыққан командалар келесі айналымдарға жолдама алды. Кейін ширек финалда қатысушылар жалпы форматта сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы ұпай саны есептеліп, Шыңғырлау ауданының құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Команда ұйымшылдық пен шеберліктің арқасында жүлделі ІІ орынды иеленді.

Турнирге қатысқан спорт ардагері Сағатқали Шагиров жарыс туралы өз пікірін білдірді:

– Бұл турнирдің маңызы өте зор. Мұнда тек жарыс қана емес, әріптестер арасындағы достық пен ынтымақтастық нығаяды. Барлық командалар жақсы дайындықпен келген. Әсіресе жастардың белсенділігі қуантты. Шыңғырлау құрамасының ауызбіршілігі мен жауапкершілігі жоғары деңгейде болды. Осындай спорттық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін, – деді ардагер спортшы.

image-22-05-26-03-39 (1)

Айта кетейік, «Senat Open» турнирі бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және мемлекеттік қызметкерлер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған маңызды спорттық жоба болып табылады.

 

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале