23.05.2026, 11:20
Оқылды: 55

Батыс Қазақстанда халықаралық «AUYL INVEST FEST. Қой шаруашылығы 2.0» фестивалі өтті

Батыс Қазақстан облысы аграрлық сектор мамандарының бас қосатын орталығына айналды. Мұнда Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен ауқымды Екінші халықаралық «AUYL INVEST FEST. Қой шаруашылығы 2.0» фестивалі өтті. Іс-шара өтетін орын кездейсоқ таңдалған жоқ: Жайық өңірі тарихи тұрғыдан әйгілі «Еділбай» қой тұқымының отаны саналады.

8fca0bb0-a563-4777-a9f2-e73a7a874c48

Фестиваль дәстүр мен озық технологияларды ұштастырып, АҚШ, Қытай, Венгрия, Моңғолия және Татарстаннанкелген саланың жетекші сарапшыларын бір алаңға жинады.

Фестиваль аясындағы басты шара Орал қаласындағы Достық үйінде өткен «AUYL INVEST FEST. Қой шаруашылығы 2.0» халықаралық форумы болды. Форум барысында агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту, шикізаттық модельден цифрлық экожүйелерге көшу және өнімді өңдеу мәселелері талқыланды.

223ac76d-a055-4145-9c9a-810c79cd740a

Өңір мүддесі мен жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ерекше атап өтті:

«Батыс Қазақстан облысы өзінің мал шаруашылығы тарихымен мақтанады. Өңірде асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытудың әлеуеті өте зор. Біз заманауи ғылыми тәсілдерді енгізуді және тұқымдық түрлендіру жұмыстарын белсенді түрде қолдаймыз. Біздің мақсатымыз — БҚО фермерлерінің өндіріс көлемін сенімді түрде ұлғайтып, жаңа экспорттық нарықтарға шығуына барлық жағдай жасау», — деді облыс әкімі.

«Қой шаруашылығы Қазақстан үшін жай ғана экономиканың бір саласы емес, бұл — біздің тарихи мұрамыз әрі азық-түлік қауіпсіздігінің негізі. Бүгінде алдымызда саланы тек шикізаттық бағыттан жоғары технологиялық және цифрлық деңгейге көтеру міндеті тұр. Бұл фестиваль инвестиция тарту мен отандық агроөнеркәсіп кешенін халықаралық аренада ілгерілетудің тиімді алаңына айналды», — деді фестиваль қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Егізбаев.

0e860876-2f0e-4a7f-8c63-26380bde9a83

Фестиваль қала тұрғындары мен қонақтарының басын қосқан ауқымды мәдени-көпшілік шараға айналды. Іс-шара аясында қой шаруашылығы саласындағы жетістіктер таныстырылып, асыл тұқымды мал көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ұлттық тағамдарды дәріптеген аспаздық сайыстар өтіп, шебер аспаздар қой және қозы етінен дайындалған ерекше мәзірлерін ұсынды.

Мерекеде сән мен қолөнер бағыты да назардан тыс қалмады. Қой жүні мен табиғи теріден тігілген киімдердің сән көрсетілімі өтіп, ұлттық нақыштағы заманауи үлгілер көпшілік назарына ұсынылды.

a2f3619b-a948-4088-af8a-7c635ad5102e

Фестиваль бағдарламасы ұлттық құндылықтарды насихаттауға да ерекше мән берді. Қонақтар қазақы тазы мен төбет иттерінің көрмесін тамашалап, садақ ату, асық ату, тоғызқұмалақ, қошқар көтеру секілді этноспорттық ойындарға қатысты. Сондай-ақ, шара аясында студенттік жастар жасақтарын салтанатты шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.

7b679962-f07a-4eb1-b6e7-5f0796c98041

Фестиваль қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

e5910a3a-8b8c-4213-adc1-7b7163951781

«AUYL INVEST FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ 2.0» Қазақстандағы қой шаруашылығының дамуына тың серпін беріп, халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

Байланыс тұлғалары: Айгерім Сарсенбаева +7 747 160 63 90

«Ауыл» партиясы» Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале