23.05.2026, 20:01
Оқылды: 2

Жаңақалада алғаш рет кілт жасау шеберханасы ашылды

Кеше Жаңақала ауданы орталығындағы «Ардагерлер үйінде» алғаш рет кілт жасау шеберханасы ашылып, тұрғындар үшін үлкен мүмкіндікке жол ашылды. Бұған дейін аудан халқы үйдің немесе автокөліктің кілтін жасату үшін қалаға қатынап, уақытын жоғалтатын болса, енді қажетті қызметті өз ауданымыздан-ақ ала алады.
image-22-05-26-11-01
Бұл игі бастама — азаматтарды мемлекетке алақан жаймай, өз еңбегімен табыс табуға баулуды көздейтін әлеуметтік жобаның нәтижесі. Жоба БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасы мен “SAY GOOD” жеке қорының бірлесуі арқылы жүзеге асып, өңіріміздің жеті ауданында аталмыш кәсіп орындарының ашылуына жол ашқан.
Қазіргі таңда шеберханада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасымен ІІ топ мүгедегі Нұралы Елеуов еңбек етуде. Ол кілт дубликаттарын жасау ісінің жаттықтырушы-шебері Сержан Қанатовтан теориялық әрі тәжірибелік білім алып, кәсіби шеберлігін шыңдаған. Оқыту үдерісі алдағы уақытта да онлайн форматта жалғаспақ.
Шебердің айтуынша, мұнда кез келген кілттің сапалы көшірмесін жасауға мүмкіндік бар. Ол үшін арнайы заманауи станоктар әкелініп, барлық қажетті жағдай қарастырылған. Қызмет құны да тұрғындарға қолжетімді — бар болғаны 1000 теңге. Сонымен қатар, бұл кәсіп түрін меңгеруге ниетті азаматтарға Сержан Қанатов әрдайым қолдау көрсетуге дайын. Алдағы уақытта мамандар қатары көбейсе, шеберхананы кең ғимаратқа көшіру жоспары да бар. Бұл — тек кәсіп ашу емес, тұрғындардың өз кәсібін дөңгелетіп, қоғамға бейімделуіне берілген үлкен мүмкіндік.
image-22-05-26-11-01-1
Шеберхананың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев, Отбасын қолдау орталығының басшысы Бақытжамал Мақанова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а Гүлжан Насибуллина мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аман Серікқалиев төбе көрсетіп, игі бастамаға сәттілік пен табыс тіледі.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале