25.05.2026, 16:10
Оқылды: 39

Пятимар ауылындағы мектептің түлектері көшет тікті

Көшімнің күміс суына шомылып, кең дала төсінде асыр салып өскен ауыл балалары бүгінде ер жетіп, жан-жаққа түлеп ұшты. Бірі қалаға қоныс аударып, түрлі салада еңбек етсе, енді бірі туған ауылына қызмет етуде. Алайда қай қиырда жүрсе де, олардың жүрегіндегі туған жерге деген сағыныш пен құрмет ешқашан бәсеңдеген емес.
e982bac4-7fc8-43b0-b972-46f9d8bc5bdc ++
Осы орайда Пятимар ЖОББ мектебінің 20 жылдық түлектері балалықтың бал дәурені өткен туған мекендеріне  жасыл көшеттер тарту етті. Айта кетелік, аллея аумағы 360 шаршы метрді құрайды. Теректердің жайқалып өсуі үшін  арнайы суару құбыры іске қосылды.
Салтанатты жиынға аудандық  ішкі саясат бөлімінің басшысы Аман Серікқалиев, Пятимар ауылдық округі әкімдігінің мамандары мен жергілікті тұрғындар қатысты.   Құттықтау сөзден кейін 20 жылдық түлектерге  аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен ауыл әкімі Бауыржан Рамазановтың атынан алғысхат табыс етілді.
e611521d-0a98-48d6-a156-04c922e1fd3e +++
- Егілген әрбір көшет – өткен күнге деген іңкәрлық пен туған жерге деген перзенттік парыз деп білеміз. Бұл бастамамыз кейінгі буынға үлгі болып, ауылдың ажарын айшықтай түсеріне бек сенеміз.  1988 жылы дүниеге келгендіктен, 88 терек егуді жөн көрдік, - дейді тәлімді істің басы-қасында жүрген түлектердің бірі Рустамбек Қаратаев.
Шара барысында сазды бағдарлама ұсынылып, жиылған жұрт ақ пен бауырсақтан дәм етті.
 «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ту еткен түлектер ауыл көркін арттырып, табиғатқа жанашырлық танытты.
Айзада Ақбасова 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале