Орал қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған «Сарыарқа өрендері» мектептен тыс жұмыс орталығы ашылды.

Жаңа орталыққа бүгінде 545 бала қабылданған. Олардың жан-жақты дамуына 15 педагог бағыт-бағдар береді. Мұнда 6 оқу кабинеті, би залы мен спорт залы жұмыс істейді. Сонымен қатар, түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге арналған 252 орындық заманауи көрермен залы қарастырылған.

Орталықтың басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға қолайлы жағдай жасау. Жаңа нысан өскелең ұрпақтың талантын шыңдап, жаңа жетістіктерге жол ашпақ.
Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,
фото автордан
zhaikpress.kz
