Қазақстанда 1 маусымнан бастап шегелі қысқы шиналарды пайдалануға қатысты маусымдық шектеу күшіне енді. Ережені сақтамаған жүргізушілерге 86,5 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сурет: baq.kz архиві
Қандай шиналарға шектеу қойылды?
Маусым, шілде және тамыз айларында көліктерге шипы бар қысқы дөңгелек тағуға болмайды. Бұл талап техникалық регламентте көрсетілген. Ол жол жабынын бүлдірмеу және қозғалыс қауіпсіздігін сақтау үшін енгізілген. Себебі ыстық әрі құрғақ асфальтта шиптардың қыс мезгіліндегідей тиімділігі болмайды.
Ереже бұзғандарға қандай жаза қарастырылған?
Шектеуді бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады:
Айыппұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 5-бөлігі бойынша, техникалық талаптарға сай келмейтін көлікті пайдаланғаны үшін салынады.
Жүргізушілерге не істеу керек?
Шегелі қысқы дөңгелекпен әлі жүрген жүргізушілерге шиналарын жазғы немесе төрт маусымдық резеңкеге ауыстырған жөн. Әйтпесе көлікті тексеру кезінде айыппұл салынуы мүмкін.