Шапанынан талай шәкіртті түлеткен бапкер, балуан Санат Берсебаев жасы алпыстың бел ортасынан асса да, әлі бабында.
Жақында Ақтау қаласында спорттық самбодан кадеттер және спорт шеберлері арасындағы Азия және Океания ойындарында ол М7 санаты бойынша 67 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Санат Берсебаев бұл жеңісімен кейінгі буынға жігер сыйлап, Жымпиты күрес мектебінің жарқын тарихын жазды.
Самбодан өткен ел жарысында Батыс Қазақстан облысының құрамында күрес сырымдықтар сәтті өнер көрсетті.
Қайрат Шарипов 71 келі салмақ дәрежесінде, Қазболат Құрмашев 64 келі салмақ санаты бойынша топ жарса, кезінде Санат Дәленұлының залында жаттыққан Нұржан Ермұханбетов қола жүлде иеленді.
Б. Шерім,
Сырым ауданы