3.03.2017, 10:05
Оқылды: 61

Кәсіпкерлердің құқығын шектеген

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында 5 тәртіптік іс қаралды. 


Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау мен Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармалары тарапынан атқарылған жұмыс қорытындылары қаралды. Нәтижесінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын жасақтау жөнінде ұсыныстар жолдау туралы шешімдер қабылданды.

Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығынан түскен мәліметке сүйенсек, кеңес отырысында Сырым ауданы білім беру бөлімінің басшысы Замзагүл Ергазиеваның тәртіптік ісі қаралып, нәтижесінде «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Сырым ауданы әкіміне ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды. Тәртіптік іс бойынша, ол мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізу барысында орындалмаған жұмыстар бойынша актілерге қол қойып, бюджет қаражатын мердігерге заңсыз толық аударуған.

Сонымен қатар кеңес шешімі бойынша, Тасқала ауылдық округінің әкімі Светлана Утемисоваға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Тасқала ауданы әкіміне ұсыныс жолданады. Тасқала ауылының тұрғыны Б.Өтегеновтың арызы негізіндегі тәртіптік іс бойынша, әкім бастауыш ардагарлер ұйымының қызметіне заңсыз араласқан.

Ақжайық аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мереке Зиналиевке қатысты Кеңес тарапынан «атқаратын мемлекеттік лауазымын босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Ақжайық ауданы әкіміне ұсыныс берілді. Бөлім басшысы балаларға арналған жаңа жылдық шырша шарасы кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын шектеу және таңдаулы кәсіпкерлерге қолдау көрсету арқылы ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы талаптарын бұзған.

Айдана Хамидуллина

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале