5.06.2026, 10:15
Оқылды: 46

Балмұздақ таңдағанда неге мән берген жөн? Дәрігерлер маңызды кеңес берді

Балмұздақ таңдағанда неге мән берген жөн? Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Collection of colorful summer frozen desserts. Top view bottom border on a pink background. Copy space.

Сурет: istockphoto.com

 Балмұздақ - сүт және сүт өнімдерінен өндірілетін мұздатылған өнім. Ол жоғары тағамдық құндылыққа ие және оған әртүрлі дәмдік қоспа қосылуы мүмкін.

 Мамандар балмұздақ таңдағанда мына нәрселерге назар аударуға кеңес берді:
  • Қаптамасы бүтін екеніне назар аударыңыз;
  • Өндірілген күні мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз;
  • Құрамын оқыңыз: сүт, кілегей, сары май болғаны дұрыс;
  • Ерітіліп, қайта мұздатылған балмұздақ сатып алмаңыз;
  • Сақтау температурасы -18 градус және одан төмен болуы керек. 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале