5.06.2026, 16:15
Оқылды: 21

Түзету мекемесіндегі дүрбелең

Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №170/2 түзету мекемесі бастығының орынбасары Қ.-ны ұстады.  Ол туралы жергілікті басылым ақпарат жариялады.

Полиция ЖП

Ол 100 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Күдікті орташа қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда сотталғандармен жүргізілетін жедел жұмыстарға жетекшілік еткен. Тергеу нұсқасы бойынша аталған қаражат сотталғандардың біріне заңсыз қызмет көрсеткені үшін алынуы мүмкін. ҰҚК департаментінің қызметкерлері күдіктіні тұрғылықты мекенжайы маңында қолға түсірді.

Тергеу барысында Қ.-ның құқық қорғау құрылымдарымен ынтымақтастық танытуына байланысты сот оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданбаған. Қазіргі уақытта шенеунік атқарып отырған қызметінен уақытша шеттетілді. Сонымен қатар өңірге қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің арнайы жұмыс тобы келгені белгілі болды.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале