3.03.2017, 18:24
Оқылды: 38

Жаңақалада әкелер форумы өтті  

 

Жаңақала орта мектебінде «Әке - асқар тауым» тақырыбында мектепішілік әкелер форумы өтті. Форум мақсаты - балаларды тәрбиелеуде әкелердің рөлін күшейту. Аудан мектептері арасында тұңғыш рет өткізіліп отырған форумға ұзын саны 30-дың үстінде адам қатысты.


Сондай-ақ аудандық «Жаңарған өңір» газетінің редакторы Ө.Ақбасов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Теміров, аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Т.Әйтекешов пен доғарыстағы подполковник А.Габдуллин сынды азаматтар шараның арнайы қонағы болды.

Форумда жастардың жат ағымға бет бұруы, әке тәрбиесінің әлсіреп тұрғаны, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, тағы да басқа көкейкесті әке мен балаға қатысты мәселелер кеңінен талқыланды.

Әліби Ғұбашев, аудандық білім беру бөлімінің тәрбие саласы бойынша әдіскері:

- 2015-2016 жылы Орал қаласында өткен әкелер форумына Жаңақала орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Жолаев екеуміз қатысқан едік. Біздің ауданда да әкелер форумын өткізу туралы жоспарымыз биыл жүзеге асып жатыр. Алдағы уақытта ауданның барлық мектептерінде, кейін аудандық деңгейде әкелер форумын ұйымдастыру күн тәртібінде тұр. Мақсат - қазіргі таңда бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлін арттыру. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыратын боламыз.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

  zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале