9.06.2026, 17:45
Оқылды: 8

Оралда қызметтік ит тағы да тыйым салынған затты анықтауға көмектесті

Орал қаласында Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде пошта жөнелтілімдерін тексеру кезінде сотталған азаматтарға жолданған есірткі зат анықталды.

WhatsApp Image 2026-06-09 at 18.44.38

Жоспарлы тексеру шеңберінде сәлемдемелер мен бандерольдерді тексеру барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің кинолог-маманы ефрейтор Аманай Бақтығалидің жетекшілігімен Детектив есімді қызметтік ит қолданылды.

Тінту кезінде ол сәлемдемелердің біріне тоқталып, белгі бергендіктен, дереу жедел-тергеу тобы шақырылған.

Табылған материал оның құрамын анықтау үшін соттық-химиялық сараптамаға жіберілді.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша қажетті іс-шаралары жүргізілуде. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеттерінің жолын кесу жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жалғасуда.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале