14.06.2026, 14:45
Оқылды: 11

Бәйтеректе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысы өтті

Бәйтерек ауданы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның кезекті отырысында өңірдің бес айлық даму қорытындысы талқыланды.

image-14-06-26-02-15

Жиынның басты жаңалығы — Бәйтерек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметі облыстық алқа мәжілісінде жоғары бағаланып, үздік деп танылды. Жастар орталығының басшысы Дархан Қуатовтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері жемқорлықтың алдын алу бағытында 3 мыңға жуық тұрғынды қамтыған 44 ақпараттық шара ұйымдастырылған. Әсіресе, аудан жастары әлеуметтік желідегі белсенділік бойынша Орал қаласын да артқа қалдырып, облыс көлемінде бірінші орынға шықты. Мысалы, орталықтың желідегі парақшасында жарияланған 54 материал 96 мыңнан астам қаралым жинаған. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев пен аудан әкімі Марат Тоқжанов жастар ұжымының бұл жұмысын жоғары бағалап, олардың еңбегіне алғыс білдірді.

image-14-06-26-02-15-1

Жиында қаралған екінші маңызды мәселе мемлекеттік қызметтердің сапасы мен бюджет қаражатының игерілуі болды. Бұл бағытта аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Есбол Абдолов есеп берді. Оның айтуынша, бөлімнің биылғы жылдық бюджеті 56 миллиард теңгеден астам сомаға жоспарланған, оның 22,6 миллиард теңгесі алғашқы бес айда толықтай әрі тиімді игерілді. Сонымен қатар есепті кезеңде бөлім тарапынан 374 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу, трактор жүргізу куәлігін беру және жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу жұмыстары бар. Бөлім басшылығы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау басты назарда екенін жеткізді.

image-14-06-26-02-15-4

Мәди Ықылас,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале