19.06.2026, 12:15
Оқылды: 11

Фитосанитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 6 тонна жаңа піскен қияр Ресей Федерациясына кері қайтарылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (МИК) мемлекеттік шекара арқылы карантиндік өнімдерді тасымалдау кезінде карантиндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фитосанитариялық талаптардың сақталуын бақылау жұмыстарын жалғастыруда.

_gluster_2026_6_19_8d17b360eac5c477cef8c4fbacca4b4e_1280x720

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау барысында жалпы көлемі 6 тонна болатын жаңа піскен қияр Ресей Федерациясына кері қайтарылды.

Аталған шараны қабылдауға карантиндік өнімнің фитосанитариялық бақылау мен қадағалаудан заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес өткізілмеуі негіз болды.

Министрлік фитосанитариялық талаптарды сақтау елдің карантиндік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, карантиндік объектілердің әкелінуі мен таралуының алдын алудың, сондай-ақ отандық агроөнеркәсіптік кешенді қорғаудың міндетті талабы екенін еске салады.

Осы ретте сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өсімдіктер карантині саласында заңнама талаптарын қатаң сақтап, белгіленген бақылау рәсімдерінен уақтылы өтуді қамтамасыз етуі қажет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале