19.06.2026, 16:45
Оқылды: 11

Сайлау заңнамасы басты назарда

Бүгін  Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде «Сайлау процесін ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында аумақтық сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған ауқымды көшпелі семинар-кеңес өз жұмысын өткізуде.

image-19-06-26-02-27-2

Алдымен Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының (БҚО АСК) төрағасы Әділ Жоламанов алғысөз сөйлеп, сайлау процесін құқықтық әрі ұйымдастырушылық тұрғыдан жетілдірудің басты бағыттарына тоқталды.

Семинардың алғашқы бөлімінде қатысушылар осы жылдың 17 мамырында өткен сайлаулардың қорытындыларын талқыға салды. Күн тәртібіне сәйкес, электоралдық оқыту мәселелері кеңінен сөз болды. Бұл бағытта БҚО АСК төрағасының орынбасары Арман Жиенғалиев жан-жақты түсіндіріп, анықтама берді. Сырым ауданы АСК төрағасы Мейірбек Хасанов «Электоралдық оқытудағы жаңа технологиялар» тақырыбында баяндама жасап, заманауи әдіс-тәсілдермен бөлісті.

image-19-06-26-02-27-1

Сонымен қатар, жиында сайлау заңнамасының қыр-сыры да назардан тыс қалмады. БҚО АСК мүшесі Мағрипа Нигишева сайлау туралы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп өтсе, Асыланбек Ғұбашев Құрылтай сайлауын өткізу кезіндегі ақпараттандырудың, сайлау алдындағы үгіттің және ұлттық байқаудың ерекшеліктеріне ерекше тоқталды.

Түскі үзілістен кейін семинар жұмысы психологиялық және практикалық дайындық бағытында жалғаспақ.

 

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале