22.06.2026, 11:00
Оқылды: 8

Тараз төрінде сырымдық жас спортшылар күміс жүлде еншіледі

2026 жылдың 17-20 маусым күндері Тараз шаһарында тоғызқұмалақтан 5-6 сынып оқушылары арасында Ұлттық мектеп лигасының республикалық финалдық кезеңі өтті. 

1c122ab5-5e44-4137-8743-7fcc2be5a5a9

Жарысқа облыстармен қоса Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 17 команда бақ сынасты.

Жеңілген ысырылып, жеңгені тұғырға жақындайды. Жарыстың шарты сол. Тараздағы тоғызқұмалақ турнирінде кубок үшін соңғы тайталаста тақтаның екі басында Қызылорда облысы мен Батыс Қазақстан облысы кездесті. Батыстың намысын Сырым ауданы Абай мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің оқушылары қорғап, “ақылдың ойынында” ақырғы ойынға дейін жетті. Финалда екі команда тең түсіп, жарыс ережесі бойынша бергер, прогресс ұпайларымен Қызылорда алға шықты. Жарыс қорытындысы бойынша Дарын Төреғалиев жаттықтыратын Абай МББК оқушылары екінші орын алды.

997e4f7e-200d-40ca-b8ae-c2ff0c58c12e

Абайлықтардың жеңісі кездейсоқ емес. Олар осымен екінші жыл қатарынан Республикалық Ұлттық мектеп лигасының күміс жүлдегері атанып отыр.

451cf3c9-f334-41b9-aff5-8f2e963e345b

Біржан Әмірхан, Жолдыбай Нұрәли, Мақсұт Баян, Ибатолла Ақниет секілді ойыншылар Таразда шеберліктің шыңын көрсетті. Олар А. Шайхиев атындағы Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанындағы тоғызқұмалақ үйірмесінде жаттығады.

 

Б. Шерім, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале