23.06.2026, 21:00
Оқылды: 65

Мемлекеттен көмек алатын кәсіпкерлерге жаңа талаптар қойылды

Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерістен кейін, Қазақстанда бизнеске мемлекеттік көмек беру ережелері жаңартылды.

photo_5318943970056414306_w

Фото: auditpalatasy

Енді мемлекеттен қаржылай қолдау алатын кәсіпорындар «екі жақты жауапкершілік» қағидасымен жұмыс істейді. Түсінікті тілмен айтқанда, егер кәсіпкер мемлекеттен көмек (жеңілдіктер, несие немесе сақтандыру) алса, оның орнына өндірісті арттыру, жұмыс орындарын ашу сияқты нақты нәтиже көрсетуге міндетті болады. Сауда министрлігі бұл талаптарды экспортпен айналысатын компаниялар үшін ресми түрде бекітіп қойды.

Сонымен қатар, еліміздегі ішкі саудамен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау ережелері де өзгерді. Бұл жаңалықтар биылғы 12 шілдеден бастап іске қосылады. Енді бизнес өкілдері көмек алу үшін қандай құжаттар өткізуі керектігі нақты белгіленді. Сондай-ақ, мемлекеттен берілетін несие пайызын төмендету (субсидиялау) шарттары жеңілдеп, кәсіпкерлердің өз міндеттерін қалай орындап жатқанын бақылау тәртібі күшейтілді. Бұл өзгерістер мемлекет бөлген бюджет ақшасының халыққа пайда әкелуін және жұмыстың ашық жүруін қамтамасыз етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале