24.06.2026, 10:00
Оқылды: 20

Президент Inditex Group бас директорының орынбасары Сантьяго Мартинес-Лахе Собредоны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияның Inditex Group компаниясы бас директорының орынбасары – сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Сантьяго Мартинес-Лахе Собредомен ынтымақтастық перспективасын талқылады, - деп жазады akorda.kz.

1782244938_KZ8_6803_2

Мемлекет басшысы экономикалық ықпалдастық қазақ-испан қарым-қатынасының негізгі тіректерінің бірі болып қала беретінін, ал Қазақстанда барлығы 60-қа жуық испандық компания жұмыс істейтінін айтты.

Президент әлемдегі жетекші ритейлер санатына енетін Inditex тобының еліміздегі қызметін кеңейту және Қазақстанды Орталық Азияның басты көлік-логистика торабына айналдыру жөніндегі жоспарын құптады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы компанияның уақыт өте келе елімізде логистика аясынан шығып, тоқыма саласында қуатты өндіріс орнын құра алатынына сенімді екенін жеткізді.

Сантьяго Мартинес-Лахе Собредо Қазақстанда кәсіпкерлік пен инвестицияға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, бизнесті өркендету жоспарымен бөлісті.

Қазіргі уақытта Inditex құрамына Zara, Pull&Bear, Massimo Dutti, Bershka сияқты отандық сауда желілерінде кеңінен ұсынылатын белгілі брендтер кіреді. Компания Алматы мен Қарағанды әуежайларының базасында өңірлік логистикалық хаб қалыптастырып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале