24.06.2026, 16:45
Оқылды: 11

Қазақстанда әр жүзінші грант арнайы квота иелеріне беріледі

Қазақстанда 2026 жылы мемлекеттік білім гранттарының 1 пайызы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарға арналған арнайы квота бойынша бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ақша ақша ақша

Сурет: сайт архивінен

Министрлік мәліметінше, арнайы квота жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған жастарға қарастырылған.

Яғни мемлекеттік гранттардың жалпы санының 1 пайызы осы санаттағы талапкерлер арасында үлестіріледі.

Мәселен, 2026 жылы "Педагогикалық ғылымдар" бағыты бойынша 12 228 грант бөлінген. Оның 122-сі немесе 1 пайызы жетім балаларға арналған квота аясында беріледі.

Аталған квота бойынша гранттар конкурсына:

  • ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы қайтыс болған жетім балалар;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған жастар қатыса алады.

Грант конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • ата-анасының екеуінің де немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі;
  • ата-анасының ата-ана құқығынан айырылғанын, құқықтарының шектелгенін, хабар-ошарсыз кеткенін, қайтыс болды деп танылғанын немесе әрекетке қабілетсіз деп танылғанын растайтын сот шешімі;
  • баланы патронаттық тәрбиеге беру туралы шарттың көшірмесі;
  • жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде тәрбиеленгенін растайтын анықтама.

Осылайша, мемлекет әлеуметтік осал санаттағы жастардың жоғары білім алуына қолдау көрсетуді жалғастырып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале