25.06.2026, 16:00
Оқылды: 10

Медицина қызметкерлері марапатталды 

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев медицина саласының ардагерлері және қызметкерлерімен кездесті. Аймақ басшысы жуырда өткен кәсіби мерекемен құттықтап, адам жанына араша болып жүрген ақ желеңділерге ризашылығын білдірді.
WhatsApp Image 2026-06-25 at 16.35.47
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген Ұлттық даму жоспарында айқындалған бағдарлы көрсеткіштің бірі – 2029 жылға дейін орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу. Биыл өңірде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері бойынша ана өлімі тіркелген жоқ, ал нәресте өлімі 38,2 пайызға төмендеді. Бұл оң динамика – сала мамандарының кәсіби деңгейінің артуы мен медициналық көмек сапасының жүйелі түрде жақсаруының нақты нәтижесі, - деді Нариман Төреғалиев.
WhatsApp Image 2026-06-25 at 16.35.48
Кездесуде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін облыстық кардиологиялық орталық директорының орынбасары Эльмира Сүйеуғазиева «Құрмет» орденімен наградталды. Ал облыстық көпбейінді ауруханасының директоры Ерлан Тоқсанов пен көпбейінді облыстық балалар ауруханасының дәрігер-хирургі Рапхат Әжғалиевке «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Суреттер Мәди Салықтікі
WhatsApp Image 2026-06-25 at 16.35.47 (2)WhatsApp Image 2026-06-25 at 16.35.47 (1)WhatsApp Image 2026-06-25 at 16.35.48 (1)WhatsApp Image 2026-06-25 at 16.35.50WhatsApp Image 2026-06-25 at 16.35.50 (1)WhatsApp Image 2026-06-25 at 16.35.46 (1)
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале