30.06.2026, 13:00
Оқылды: 83

БҚО-да дропперлік схемаға қатысқан 7 студент сотталды

 Батыс Қазақстан облысында дропперлік схемаға қатысқан 19 жастағы 7 колледж студенті сотталды. Олар банк шоттарын ашып, оны алаяқтардың пайдалануына берген, деп хабарлайды «24KZ».

Legal concept: Scales of justice and and the judge's gavel hammer as a symbol of law and order.

Сурет: istockphoto.com

Бас прокуратураның мәліметінше, осы шоттар арқылы азаматтардан, соның ішінде зейнеткерлерден де жымқырылған 4 млн теңгеден астам қаражат өткен. Сот үкімімен студенттер 3 жылға бас бостандығынан шектелді. Енді олар пробация қызметінің бақылауында болып, сот жүктеген міндеттерді орындауға тиіс. Талап бұзылған жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.

Айта кетейік, дропперлік үшін қылмыстық жауаптылық 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап енгізілген. Осы уақыттан бері Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы бойынша 700-ден астам іс тіркеліп, 200-ден астам адам сотталған. Заңға сәйкес, банк шотын немесе картасын үшінші тұлғаларға бергендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мамандар азаматтарды алаяқтық схемаларға араласпауға және өз банк деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале