1.07.2026, 10:00
Оқылды: 14

Жасөспірімдердің қауіпсіздігі қоғам бақылауында 

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайту, жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мемлекеттік саясаттың бағыттарының бірі. Осы мақсатта Казталов ауданында Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидасы мен «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заң талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған кезекті рейд өтті. 

image-30-06-26-11-28-1 (1)

Аудан әкімдігі, аудан прокуратурасы және аудандық полиция бөлімі бірлесіп өткізген рейдке аудандық білім беру бөлімі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев арнайы қатысып, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

image-30-06-26-11-28-3 (1)

– Рейдтің басты мақсаты – құқық бұзушылықты анықтау және оның алдын алу. Әрбір ата-ана баласының қайда жүргенін, кіммен араласатынын бақылауда ұстауы қажет. Өйткені жасөспірімдердің қауіпсіздігі отбасының да, мектептің де, мемлекеттік органдардың да ортақ жауапкершілігі. Заң талаптарын сақтау арқылы ғана қауіпсіз әрі тәртіпті қоғам қалыптастыра аламыз, – деді Серік Ерболатұлы.

image-30-06-26-11-28-2 (1)

Рейд барысында қоғамдық орындар, көшелер мен саябақтар бақылауға алынып, түнгі уақытта жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталды. Олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген талаптар түсіндіріліп, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы жөнінде ескертулер берілді. Сондай-ақ жасөспірімдермен құқықтық сауаттылықты арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале