Алаяқтық жолмен кредиттер ресімдеу тәуекелін төмендету үшін:
- kz порталында eGov mobile қосымшасында немесе кредиттік бюро арқылы «Стоп кредит» қызметін қосыңыз. Бұл сіздің атыңызға кредит ресімдеу ықтималдығын бақылауға мүмкіндік береді
- Өз кодыңыз бен құпиясөзіңізді құпия сақтаңыз. Қоңырау шалушы өзін банктің, қауіпсіздік қызметінің немесе мемлекеттік органдардың қызметкері ретінде таныстырса да, ешқашан және ешкімге SMS-кодтарды, PIN-кодтарды, бір реттік құпиясөздерді (OTP) немесе Secure-кодтарды бермеңіз.
- Белгісіз адамдардың өтініші бойынша телефоныңызға немесе компьютеріңізге қашықтан кіру бағдарламасын орнатпаңыз.
- SMS, мессенджерлер немесе жарнамалардан күмәнді сілтемелерге кірмеңіз.
- Онлайн-банкингке және басқа да сервистерге кіру үшін екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыз.
- Кредиттік бюроларда өзіңіздің кредиттік есебіңізді ұдайы тексеріп отырыңыз - бұл ресімдеуге рұқсат берілмеген қарыздарды уақтылы анықтауға көмектеседі.
Осы нұсқауларды басшылыққа ала отырып, сіз кредиттік алаяқтардың қолына түсу қаупін едәуір азайтасыз.
Көптеген пайдалы материалдар Fingramota.kz. сайтында қолжетімді.