Қазталов және Жаңақала аудандарының «Құрметті азаматы» Кәрім Өтеғұлов Ақпәтер ауылындағы №240 сайлау учаскесіне өзі келіп, ауыл әкімінің сайлауында дауыс берді.

90 жасқа таянған қария егде жасына қарамастан, сайлау учаскесіне аяқтай келіп, өз таңдауын жасады.
Кәрім Тәжмағанбетұлы — Ақпәтер ауылдық округі бойынша сайлауға қатысқан ең егде тұрғындардың бірі.
Қыдыр Харесұлы,
Қазталов ауданы