7.07.2026, 15:00
Оқылды: 20

Мереке күндері полиция күшейтілген режимде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етті

3–7 шілде аралығында облыс аумағында мерекелік іс-шаралардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген қызметтік режимде жұмыс атқарды.

WhatsApp Image 2026-07-07 at 14.17.08 (1)

Осы кезеңде қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысын бақылау және отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу басты назарда болды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды.

WhatsApp Image 2026-07-07 at 14.17.08 (2)

Мереке күндері облыстық полиция департаментінің Жедел басқару орталығына «102» арнасы арқылы әртүрлі сипаттағы 1 558 хабарлама келіп түсті. Барлық хабарламалар жедел қаралып, әрбір дерек бойынша полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етті.

Сонымен қатар Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі арқылы құқық бұзушылықтар дер кезінде анықталып, олардың жолын кесу бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Қабылданған кешенді қауіпсіздік шараларының нәтижесінде мереке күндері өңірдегі қоғамдық тәртіп тұрақты бақылауда болып, полиция қызметкерлері тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерін толық көлемде орындады.

WhatsApp Image 2026-07-07 at 14.17.09

Полиция департаменті азаматтарға заң талаптарын сақтап, қоғамдық орындарда тәртіпті бұзбағаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарағаны үшін алғыс білдіреді.

БҚО Полиция департаменті 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале