10.07.2026, 12:45
Оқылды: 9

Түркияда білім алған полиглоттар Ұлттық ұлан сапында қызмет етуде

Орал қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде төрт тілді – қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген үш мерзімді әскери қызметші әскери борышын өтеп жүр. Бірі Түркияда тіс технигі мамандығын игерсе, екіншісі қонақүй және мейрамхана ісі бойынша білім алған, ал үшіншісі киберқауіпсіздік саласының маманы. Бүгінде олардың барлығын бір мақсат – Отанға қызмет ету біріктіріп отыр.

e9d9314b-31cf-45c3-afe0-354e09320b51

Алматы қаласының тумасы Ербол Ғайнибекұлы Түркияның Сакария қаласында білім алып, физиотерапевт және тіс технигі мамандығын меңгерген. Ақтөбелік Ілияс Зинур Сивас қаласында қонақүй және мейрамхана ісі бойынша жоғары білім алған. Ал Шымкент қаласының тумасы Мирас Төлеген Astana IT University-де «Киберқауіпсіздік» мамандығын тәмамдаған.

d4416a63-8339-4f61-a980-351d9237bda4

Әртүрлі мамандық иелері болса да, бүгінде үш сарбаз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысып, әскери қызметтің қыр-сырын меңгеруде. Олар бірнеше тілді білу заманауи әскери қызметші үшін де үлкен артықшылық екенін айтады.
– Шет тілдерін меңгеру адамның дүниетанымын кеңейтіп, түрлі ортада еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ал біз үшін ең маңыздысы – әскери қызметті абыроймен атқарып, ел сенімін ақтау, – дейді қатардағы жауынгер Ербол Ғайнибекұлы.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале