11.07.2026, 10:30
Оқылды: 19

Қазталов халық театрына актер Тельман Имашевтің есімі берілді

Қазталов аудандық мәдениет үйінде театр актері, сахна шебері Тельман Имашевтің туғанына 70 жыл толуына арналған «Өнердің өшпес тұлғасы» атты еске алу кеші өтті.

image-11-07-26-02-32-5

Тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, Тельман Имашевтің жары Слана Имашева, Қазақстанның халық әртісі Гүлнар Жақыпова, өнер иесінің туған-туыстары мен әріптестері қатысты. Кеш «Театр тарланы – Тельман!» атты лирикалық-деректі қойылыммен ашылып, көрермен назарына актердің өмір жолы мен шығармашылық тағдыры ұсынылды. Сахналық туындыда оның ұстаздары Хадиша Бөкеева мен Нұрмұхан Жантөриннен алған тәлімі және туған өлкенің мәдениетін өркендетуге қосқан еңбегі шынайы көрініс тапты.

image-11-07-26-02-32

Шара барысында Тельман Имашевтің шығармашылық жолына арналған бейнеролик көрсетіліп, рухына тағзым ретінде бір минут үнсіздік жарияланды. Кеште сөз алған аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев пен белгілі театр қайраткерлері Нұрлыгүл Жұбатова, Самал Абуов, Мұсағали Бектенов актер туралы естеліктерімен бөлісіп, оның азаматтық болмысына жоғары баға берді.

image-11-07-26-02-32-11 image-11-07-26-02-32-8

Шараның ең тарихи сәті Қазталов халық театрына Тельман Имашевтің есімін беру рәсімі болды. Салтанатты кеш театр тарланына арналған әндермен жалғасып, ұлттық өнердің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның сахналық мұрасы кейінгі буынға рухани өнеге ретінде насихатталды.

Ернәсіл Рысқалиев,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале