16.07.2026, 17:45
Оқылды: 69

Оралда адасып кеткен бала ата-анасына аман-есен табысталды

Орал қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін атқарып жүрген ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері адасып кеткен баланы тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды.

2e6e1b12-9870-4e13-b3e0-92fd597b3f7b

Оқиға 15 шілде күні сағат 19:35 шамасында Киров атындағы саябақта болған. Қызмет барысында әскери жасақ жалғыз жүрген баланы байқап, бұл туралы кезекші бөлімге дереу хабарлаған. Кейін баланың ата-анасын анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылды.

Әскери жасақ бастығы, ефрейтор Қайырлы Ахқайыров пен қатардағы Мадияр Жолболдының қырағылығы мен жедел әрекетінің нәтижесінде бүлдіршін көп ұзамай ата-анасына табысталды.

Баланың анасы әскери қызметшілерге алғыс айтып, олардың кәсібилігі мен жанашырлығын ерекше атап өтті.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале