18.07.2026, 9:00
Оқылды: 89

Шыңғырлаулық шопан «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» атанды

Шыңғырлау ауылдық округіндегі «Хамиджан» ауыл шаруашылығы кооперативінің шопаны Болат Тәжимов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

image-18-07-26-12-46

Жеке шаруашылықтағы ұсақ малды бағып, мал шаруашылығы саласында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келе жатқан маманды аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев қабылдап, салалық жоғары марапатымен құттықтады.

​Аудан басшысы Болат Хамидоллаұлының кәсіби жауапкершілігі мен мал шаруашылығын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, жұмысына табыс, отбасына амандық тіледі.

«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі — агроөнеркәсіп кешенінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан және өз ісінде жоғары нәтиже көрсеткен сала мамандарына берілетін мәртебелі марапаттардың бірі. Аудан басшылығы ауыл шаруашылығында маңдай тер төгіп жүрген еңбек адамдарын ұлықтау олардың кәсіби беделін арттырып, кейінгі ұрпаққа үлгі болатынын атап өтті.

Светлана Байтенова, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале