Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды.

Фото: press-center
Жібек Құламбаева армениялық Алина Чараевамен жұптасып, жартылай финалда жарыстың бірінші нөмірлі жұбы — бельгиялық Магали Кемпен мен ресейлік Александра Пановаға қарсы кортқа шықты. 1 сағат 51 минутқа созылған тартысты кездесу екі сетте 6:4, 7:6 (7:3) есебімен Құламбаева мен Чараеваның жеңісімен аяқталды. Матч барысында қазақстандық-армениялық жұп алты қос қателік жібергенімен, иеленген алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдалана білді. Енді олардың финалдағы қарсыластары алдағы ойындардың қорытындысы бойынша анықталады.