19.07.2026, 17:30
Оқылды: 129

ТЖМ қатарына қабылдану шарттары қандай?

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау басталды.

5e080a3899f590e08639e803eca2e522_1280x720

Фото: gov.kz

Тәртіп бойынша үміткерлердің Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы, жасы 18-ден 35 жасқа дейін болуы және саптық қызметке жарамдылығы талап етіледі. Сонымен қатар өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері лауазымына үміткерлер үшін «В» және «С» санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы міндетті.

​Азаматтық қорғау органдарындағы қызмет бірқатар мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілген. Мұнда ауысымдық жұмыс кестесі, тұрақты жалақы, мансаптық өсу және кәсіби даму, сондай-ақ тегін бейіндік жоғары білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Қызметкерлер отбасының әрбір мүшесіне берілетін тұрғын үй төлемдері және мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана алу құқығына ие болады. Жыл сайын 30-дан 45 күнтізбелік күнге дейін ақылы еңбек демалысы беріліп, оған қоса екі лауазымдық айлықақы көлемінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді. Сонымен қатар қызметкерлердің 48 жаста зейнетке шығу құқығы бар.

​Құтқарушы мамандығы — елге қызмет етуді және көмекке бірінші болып келетін кәсіби команданың бір бөлігі болуды қалайтындардың таңдауы. Шарттар мен іріктеу кезеңдері туралы толық ақпаратты өңірлердегі Төтенше жағдайлар департаменттерінен (ТЖД) және Азаматтық қорғау академиясынан алуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале