Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Ақжайық ауданында мектеп оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шара «Ақшағала» балалар лагері базасында өткізіліп, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, заңға құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілік пен парасаттылық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.
Байқау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстары арқылы адал еңбек, әділдік, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарын көрсетті. Олардың туындыларында қоғамдағы адалдық, заңға құрмет және дұрыс азаматтық көзқарас тақырыптары көрініс тапты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ең алдымен жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік және заңға құрмет құндылықтарын сіңіруден басталатынын атап өтті.
Сонымен қатар жастар арасында «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттарын ілгерілету, қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы тәрбиелік жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, белсенді қатысушыларға тиісті марапаттар табысталды.
Іс-шара оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және адалдық құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды алаң болды.
БҚО бойынша мемлекеттік қызмет істер агенттігі