Жас маманның тұрғылықты жеріне барып жағдайын тексеру – оның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын бағалауға, жұмысқа бейімделуіне және қауіпсіздігіне көз жеткізуге бағытталған маңызды әдістемелік шара.
Бұл үдеріс жаңадан келген жас маманның өмір сүру ортасын зерделеу және психологиялық қолдау көрсету сияқты негізгі кезеңдерді қамтиды. Осы орайда БҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты N74 мекемесінің кезекші бөлім қызметкерлері жас қызметкерлермен тұрмыстық жай жағдайымен танысу жұмысын жүргізіп оларға құқықтық этикалық және өзге де Заң актілерінің талаптарын сақтау керектігін жеткізді.

Өз кезегінде жас мамандар және олардың үй іші отбасы мүшелері мекеме әкішілігімен жасалып жатқан тәрбиелік профилактикалық жұмыстарға риза болғанын және алдағы уақыттарда қолдаудың жалғасатынына сенім білдірді.
С.Джумагазиев,
БҚО бойынша ҚАЖ департаменті N74 мекемесінің ТИБКК орынбасары әділет капитаны