29.07.2026, 14:30
Оқылды: 68

Елордада «Болашақ ойындары» аясындағы Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды

Астанада «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорт турнирі аясында өтіп жатқан Phygital Sports Summit Astana 2026 форумы басталды. Іс-шараның ашылуында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сөз сөйлеп, фиджитал спорттың жаһандық спорт индустриясындағы орны мен оны дамытудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті, - деп жазады Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.

1a17f0a43f38f69cc2ca625912406c89_1280x720

Саммитке Біріккен Араб Әмірліктерінің спорт министрі Ахмед Бельхул Әл Фаласи, Ресей Федерациясының спорт министрі Михаил Дегтярев, Өзбекстан Республикасының спорт министрі Адхам Икрамов, Әзербайжан Республикасының жастар және спорт министрі Фарид Гаибов, Беларусь Республикасының спорт министрі Сергей Ковальчук, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері, технологиялық компаниялар мен түрлі елдердің сарапшылары қатысып жатыр.

52db8e820e60f550f25734c6322e26a5_1280x720

Саммит бағдарламасы аясында фиджитал спортты дамыту, халықаралық серіктестікті нығайту, цифрлық технологиялар, инновациялар және спорт индустриясының болашағына арналған панельдік сессиялар өтеді.

42e8d3878b72ee713dd5ec26451e0b16_1280x720

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Phygital Sports Summit Astana 2026 тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және фиджитал қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды халықаралық алаңға айналмақ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале