30.07.2026, 16:30
Оқылды: 9

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 млн гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Биылғы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған немесе жер заңнамасы талаптарына сәйкес келмейтін 1 млн гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлаған болатын.

1d1d1868dbe4e096538f84338b32849b_1280x720

Бүгінде жоспар толық орындалды. Мемлекет меншігіне 1 млн гектардан астам жер қайтарылды.

Жерлерді мемлекет меншігіне қайтару пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын анықтау және жер заңнамасы талаптарының бұзылуына жол бермеу бағытындағы жүйелі жұмыстар аясында қолға алынуда. Бұл шаралар жер ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, жерлерді шаруашылық айналымына қайта тартуға және олардың пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған.

Жер ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жер заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі жүйелі шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Жалпы, 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 15,4 млн гектар жер қайтарылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале