ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) аясында көзбе-көз куәландырудан өтуге арналған электрондық кезек сервисі іске қосылды.

Фото: gov.kz
Қазіргі уақытта Ақмола облысы мен Алматы қаласында пилоттық режимде жүзеге асырылып жатқан жоба азаматтарға МӘС бөлімшесіне барудың өзіне қолайлы күні мен уақытын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба басталғалы бері бұл қызметті 2,8 мыңға жуық адам пайдаланып үлгерді.
Жаңа сервисті енгізудің басты мақсаты — МӘС жүргізудің қолданыстағы тәртібін сақтай отырып, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. Электрондық кезек келушілер легін жұмыс күні бойы біркелкі бөлуге, күту уақытын қысқартуға және азаматтар мен мамандар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Алынған тәжірибе негізінде қызметті әрі қарай жетілдіріп, ауқымын кеңейту жоспарланып отыр.