ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және инклюзивті білім беруді дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.

Фото: KZgovernment
Бүгінгі таңда елімізде 3,3 миллионнан астам бала сауықтыру шараларымен қамтылған. Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға басымдық беріліп, осы санаттағы 72,8 мың бала жазғы демалыс пен сауықтырумен қамтамасыз етілді.
Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева Оқу-ағарту министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдардың ауқымды дайындық жұмыстарын жоғары бағалады.
Жиын барысында инклюзивті білім беруді дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының негізгі бағыттары толық қолдау тапты.