ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті интернет-алаяқтыққа жәрдемдесу, дропперлік қызметті ұйымдастыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша тергеу жүргізуде.

Ақтөбе қаласында әрекет еткен қылмыстық топ 150-ден астам дропперді тартып, азаматтардан жымқырылған ақшаны банк шоттары, криптовалюта платформалары (USDT) арқылы конвертациялап, қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.
Бүгінгі таңда еліміздің 16 өңірінен 80 жәбірленуші анықталып, келтірілген шығын 120 млн теңгеден асқан. Қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынып, тағы екі күдікті үйқамаққа алынды. Тергеу барысында сот санкциясымен күдіктілердің 8 пәтері, автокөлігі және 52 мыңнан астам USDT цифрлық активтеріне тыйым салынды.