27.03.2017, 16:23
Оқылды: 47

17 сотталушының жазасы жеңілдетілді

Рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес Ақжайық аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған 17 сотталушының жазасы жеңілдетілді, дейді пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны Қуат Бижанов.

- Оның ішінде қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес және ауырлығы орташа санаттағы қылмыстар жасаған 7 жазасын өтеуші, сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін келтірілген залалды толық өтеген 10 сотталушының жазаларының төрттен бір бөлігі қысқартылды, -дейді Қуат Бижанов.

Айта кетейік, ауданда 27-31 наурыз аралығында «Пробация» атауымен профилактикалық іс-шара өткізілуде.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале