7.08.2026, 23:45
Оқылды: 2

​Теректіде жас отбасыларға арналған тренинг өтті

​Теректі ауданының Достық үйінде «Берекелі отбасы – бақытты болашақ» жобасы аясында «Жас отбасындағы рөлдер мен жауапкершілік» тақырыбында тренинг өтті.

2-топ 1-мысал

​Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында өзара түсіністік пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, ерлі-зайыптылардың отбасындағы орнын талқылау және отбасы институтын нығайту.

Жиын «Әйел. Қоғам. Болашақ» қоғамдық бірлестігі ауылдық жерлердегі азаматтық бастамаларды қолдау мақсатында ұйымдастырған шағын грант шеңберінде жүзеге асырылды.

WhatsApp Image 2026-08-07 at 19.26.39

​Шара барысында «Әйел. Қоғам. Болашақ» ҚБ төрайымы Гүлмира Тайманқызы мен отбасылық психолог Зердегүл Алпысбайқызы сөз сөйлеп, отбасылық тепе-теңдікті сақтауда ер мен әйелдің рөлдері ауыспауы тиіс екенін атап өтті.

Қатысушылар, оның ішінде Теректі аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Мержан Абзалұлы бастаған жеке құрам пікірталасқа белсене қатысып, практикалық тапсырмаларды орындады.

WhatsApp Image 2026-08-07 at 19.26.35

​Айта кетейік, осы жоба аясында бұған дейін отбасылық құндылықтар, қаржылық сауаттылық және Ақжайық ауылында әйелдерге арналған арт-терапиялық кездесулер ұйымдастырылған болатын.

Әдемі Ғазизова, 

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале