28.03.2017, 12:40
Оқылды: 62

Әкімшілік-аумақтық бірліктерге бір тұлғаның есімін ұлықтау тоқтатылды

makhambet 1  Ономастика саласындағы жұмыстар қолданыстағы заң шеңберінің  аясында жүзеге асырылуда, дейді Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында сөз алғаноблыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғали.


    Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының бес губерниясымен шектесетіндіктен, облыс аумағындағы көптеген мекен атаулары – Чесноков, Крутой, Вавилин, Кирово, Степной, Белугин, Родник, Астраханькино, Кузнецово, Первосовет, Фурманов, Балаган, Цыганово, Красненький сияқты атаулар облыстық ономастикалық комиссияның бір ғана шешімімен ұлттық келбетімізді айқындайтын айшықты да ажарлы атаулармен алмастырылды. Аталмыш жерлер Сұлукөл, Ынтымақ, Бастау, Алмалы, Кеңжайлау, Өркен, Айнабұлақ, Аққайнар, Бірлік, Жігер, Егіндібұлақ, Достық, Жаңатаң, Шалғай атауларына өзгертілді.

     2014 жылы облыстық ономастикалық комисиясының қарауына облыс бойынша 792 көшенің атауын өзгерту жөнінде ұсыныс келіп түсіп, соның 731-і жаңа атауларға ие болды. Ақжайық ауданы бойынша 173 көше, Бөрлі ауданы-123, Жәнібек-18, Зеленов - 239, Жаңақала - 11, Сырым – 3, Теректі- 167, Шынғырлау – 38, Тасқала – 92 атаулары өзгертілді.

  Сондай-ақ, өткен жылы облысымыздағы бірқатар мемлекет мекемелеріне еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті мәдениет және қоғам қайраткерлерінің есімдерін беру жұмыстары жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтқанда, Хадиша Бөкеваның есімін Облыстық қазақ драма театрына, Хиуаз Доспанованың есімін Орал қалалық №30 мектебіне және Мұқадес Еслямгалиевтің есімін Сырым аудандық орталық кітапханасына беру бойынша қолданыстағы заңнамалар шеңберінде жұмыстар жүргізіп жатыр.

   Атап өтерлік бір жәйт, Елбасының 2017 жылғы 28 ақпандағы тапсырмасына орай ономастикалық бірліктерге кісі аттарын беруге шектеу қойылды. Яғни әкімшілік-аумақтық бірліктер, олардың құрамдас бөліктеріне, заңды тұлғаларға белгілі бір тұлғаның есімін ұлықтау тоқтатылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале