10.08.2026, 21:00
Оқылды: 5

Бейжіңде Абай мұрасы ұлықталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында Абай күніне орай «Абай – ұлы тұлға» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

InShot_20260810_204640965

Фото: madenietaqparat

Қазақстанның ҚР-дағы Елшілігімен және «Цзиньтай» музейімен бірлесіп ұйымдастырылған жиынға екі елдің дипломаттары, ғалымдары, жазушылары мен аудармашылары қатысты.

Іс-шара аясында Бейжіңдегі Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, дөңгелек үстелде ақынның «Толық адам» ілімі, философиялық көзқарастары мен Абай және Конфуций мұрасының өзара үндестігі талқыланды.

Сондай-ақ дәстүрлі «Абай оқулары» аясында ақын шығармаларын қытай тіліне аудару және оны Қытайда кеңінен таныту мәселелері сөз болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале