Бөрлі ауданының Ақсай қаласында полиция қызметкерлері түнгі клубтардың бірінің қасында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады - деп жазды polisia.kz ресми парақшасы.

Сурет: видеодан алынған скриншот
Бұл азамат қоғамдық орында балағат сөздер айтып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Құқық бұзушы Ақсай қаласының 22 жастағы тұрғыны Асет Кенесов екені анықталды.
Сот шешімімен ол 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.