12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Ақсай қаласындағы Ғ. Жәңгіров атындағы саябақта «Ел рухы – жастар!» атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік кеш аясында «Балалар өнер мектебі» оқушыларының сурет көрмесі ұйымдастырылып, ауданымыздың қолөнер шеберлерінің қолдан жасаған бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.

Шараға аудан әкімі Еркебұлан Ихсанов қатысып, аудан тұрғындары мен жастарды Халықаралық жастар күнімен құттықтады.
Мерекелік кеш әрі қарай аудандық демалу орталығы көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Шара барысында өнерпаздар ән айтып, би билеп, жиналған халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кеш соңында DJ KHINA-ның сүйемелдеуімен жастар үшін дискотека ұйымдастырылып, мерекелік шара көңілді әуенмен жалғасты.
Айдана Абдрахманова
Бөрлі ауданы