Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «MineSafe» командасы Алматы қаласында өткен «Youth Eco Camp TURAQTY JOL 7.0» республикалық экологиялық білім беру бағдарламасының финалында жүлделі ІІ орынға ие болды. Туганбаев Демеу, Шамуратов Таир, Дуйсембай Эльнадир, Абилов Алдияр есімді зияткерлерден құралған команда 1 500 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықты ұтып алды.

Аталған байқауға еліміздің барлық өңірінен 400-ге жуық өтінім түсіп, оның ішінен үздік шыққан 18 команда финалда бақ сынады. Жеті күнге созылған қарқынды оқу барысында қатысушылар тұрақты даму, ESG, жасанды интеллект, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық және жобаларды басқару бағыттары бойынша жетекші сарапшылардан дәріс алып, өздерінің экологиялық жобаларын сәтті қорғады.

Сонымен қатар, «AgriSense AI» атауымен қатысқан мектеп командасы, атап айтсақ, Махсот Бекарыс, Давлетбаев Султан, Успанов Санжар Датович атты оқушыларымыз белсенділік танытып, жақсы нәтиже көрсетті.
Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі