14.08.2026, 11:00
Оқылды: 10

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

3d render March 2026 Calendar Stands on Wooden Background with Colorful Pushpins, Christmas and New Year Concept

Сурет: istockphoto.com

5 күндік жұмыс аптасында ел тұрғындары сегіз күн демалады

1 қыркүйек сейсенбіден басталады. Бұл айда 8 демалыс күні болады – 4 сенбі күні және 4 жексенбі күні.

Қазақстанда мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, қыркүйекте мемлекеттік және ұлттық мерекелер жоқ. Сондықтан қосымша демалыс күндері де болмайды.

5 күндік жұмыс аптасында азаматтар сегіз күн демалады. Барлық демалыс күндері сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді. Ал алты күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтіндер төрт күн демалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале