ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегіне сәйкес, Астанада Париж келісімі аясында көміртегі жобаларын дамытуға арналған екі күндік іс-шара өтті. Жиынды Экология министрлігі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы ұйымдастырды.

Фото: gov.kz
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстанда көміртегі жобаларын іске асырудың жаңа ережелері ұсынылып, Париж келісімінің 6-бабына сай халықаралық көміртегі нарығына қатысу мүмкіндіктері түсіндірілді. Жобаларға қойылатын талаптар, мемлекеттік авторизациялау және мониторинг жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бұл бастамалар елге климаттық жобаларға инвестиция тартуға және ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге жол ашатынын атап өтті. Жиын аясында қатысушылар халықаралық тәжірибемен танысып, Астананың жасыл белдеуіндегі орман өсіру тәжірибесін көрді.
Еске сала кетсек, 2026 жылдың 8 шілдесінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне түзетулер қабылданып, көміртегі жобаларын жүзеге асыру және шығарындыларды азайту нәтижелерін халықаралық деңгейде беру үшін жағдай жасалды. Осылайша, елімізде климаттық қаржыландыруды тартуға арналған берік негіз қалыптасуда.