15.08.2026, 18:00
Оқылды: 125

БҚО-да прокуратура қайтарған 570 млн теңгеден астам қаражатқа су құбыры салынды

БҚО прокуратурасының хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заңсыз қайтарылған активтер қаражаты халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған әлеуметтік жобаларға бағытталуда.

Ақша JP 33

Осындай маңызды бастамалардың бірі Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Алғабас ауылында жүзеге асырылды.

​Көп жыл бойы орталықтандырылған су жүйесі болмаған елді мекен тұрғындары құдық суын пайдаланып келген еді. 2025 жылы прокуратура қайтарған қаражат есебінен құны 576,9 миллион теңге болатын ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілді. Жоба аясында екі су ұңғымасы бұрғыланып, қажетті инфрақұрылым тартылды. Нәтижесінде 200-ден астам абонент өз үйлерінде таза ауыз суға қол жеткізді.

Бұл – қайтарылған активтердің ел игілігіне жұмсалып жатқанының нақты дәлелі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале