29.03.2017, 12:25
Оқылды: 66

Қаламда қара нардай қажымаған

sagingali  Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Қаламда қара нардай қажымаған» атты әдеби кеш өтті.


  Елге белгілі ақын, әдебиет зерттеушісі, ғалым, қаламгер Сағынғали Сейітовтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған шара «Әдеби шаңырақ» жобасының аясында өткізілді. Кітапхана оқырмандарына Сағынғали Сейітовтің өмірі мен шығармашылық жолы туралы мәлімет беріп, оның шығармалары арқылы туған жерді қадірлей білуді ұғындыруды мақсат еткен шараға зиялы қауым өкілдері, студенттер қатысты. Ақынның көзін көрген, елге келген сапарларында бірге жүріп, талай әңгімесін тыңдаған ардагер журналист Тихон Әліпқали өткен күндерден әдемі естелік әңгімелер айтты. Өзге де сөз алғандар Сағынғали Сейітовтің әдебиеттегі орны мен шығармашылығы туралы әңгімеледі.

  Сағынғали Сейітов 1917 жылы 20 қарашада Ақжайық ауданы, «Өлеңті» кеңшарында туған. Ол «Жолдас жүректен», «Ортақ ой», «Бетпе-бет», «Өрден өрге», «Сәулет», «Серпер», «Сеңгір», «Самғау» атты жыр жинақтарының және монографиялар мен әдеби зерттеу жұмыстарының авторы.

  Кеште М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері ақын өлеңдерін оқып, әдеби шараның шырайын келтірді. Сондай-ақ әдеби кеште Сағынғали Сейітовтің тұтынған заттары мен фотосуреттерінен жинақталған «Ұлағатты өмір, өшпес өнеге» атты көрме оқырман назарына ұсынылды.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

   zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале